Вакансия Жаңалықтар
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «Алатау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бастығының бос лауазымына конкурс жариялайды
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
- Кәсіпорынның атауы, орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефоны, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: «Алатау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1/1, тел. +7 (7172)576960.
Кәсіпорын қызметінің мәні спортттық-сауықтыру объектілерін пайдалану саласында қызметтерді жүзеге асыру болып табылады.
Кәсіпорынның мақсаты: спорттық құрылыстарды, спорттық жабдықты бақсарумен және пайдаланумен байланысты қызметті жүзеге асыру; спорттық құрылыстарды күтіп ұстау, дамыту және салу болып табылады.
- Конкурсқа қатысуға келесі тұлғалар қабылданбайды:
1) 18 (он сегіз) жасқа дейін;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда.
- Кандидаттардың біліктілігіне қойылатын талаптар:
кадрлар даярлау бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар немесе бизнес және менеджмент немесе құқық.
Дене шынықтыру және спорт саласында немесе дене шынықтыру және спорт саласында басшы лауазымдарда кемінде бес жыл, немесе Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған адамдар үшін кемінде бес жыл, немесе дене шынықтыру және спорт саласында немесе «Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органымен бекітілген шетелдік жоғары оқу орындарындағы басым мамандықтар бойынша немесе Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған адамдар үшін басшылық лауазымдарда және «Дене шынықтыру және спорт», «Бизнес, басқару және құқық» мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар кадрларын даярлау бағыттарының бірі бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін кемінде төрт жыл.
- Функционалдық міндеттері:
Кәсіпорынның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды, қабылданған шешімдерге, мүліктің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ оның қызметінің қаржылық-шаруашылық нәтижелеріне толық жауап береді. Ұйымның саясатын, стратегиясын және оны жүзеге асыру механизмін анықтайды. Заңдарға сәйкес Ұйым қызметінің Қаржы-шаруашылық нәтижелерінің орындалуын, қабылданатын шешімдердің орындалуын, оның балансындағы ұйым мүлкінің сақталуын және толық пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды. Басқа ұйымдармен немесе заңды тұлғалармен келісімшарттар жасайды. Сотта, мемлекеттік билік және басқару органдарында кәсіпорынның мүліктік және өзге де мүдделерін қорғайды және білдіреді
- Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы», «Білім туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» “Қазақстан Республикасының заңдарын, “Дене шынықтыру және спорт туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”, “ақпараттандыру туралы”, “Мемлекеттік сатып алу туралы”, дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидалары, ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария жөніндегі тәртібі, өрт қауіпсіздігі талаптары.
- Конкурсқа қатысуға кандидат конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) үміткерлер еркін нысанда ресімделген қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемені қоса бере отырып қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтінішті talapker.e-qazyna.kz веб-порталында береді.
Тізілімнің Веб-порталы конкурсқа қатысу туралы өтінішке «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен дерекқорлардан конкурсқа қатысуға кандидаттың жеке басын куәландыратын, білімі, зейнетақы аударымдары және еңбек қызметі туралы құжаттардың мәліметтерін автоматты түрде тіркейді
Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеде еңбек қызметі туралы мәліметтер болмаған жағдайда конкурсқа қатысуға кандидат Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің
35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірін өтінішке тіркейді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау talapker.e-qazyna.kz веб-порталда конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.
- Конкурсты өткізу күні мен орны:
Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1, Ішкі істер министрлігі.
Әңгімелесуді өткізу күні конкурсқа қатысушыларға қосымша хабарланатын болады.
Толық ақпаратты +7 (7172) 72-22-72 телефоны арқылы алуға болады, эл.пошта: a.maikenov@mvd.gov.kz
Қосымша
Қазақстан Рспубликасының Ішкі істер министрлігі
Конкурсқа қатысуға өтініш
Мені, ________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
__________________________________________________________________
(кәсіпорынның атауы)
кәсіпорнының бастығы лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын
«Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы
2 ақпандағы № 70 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10379 тіркелген) бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларының талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.
Менің дербес деректерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан жинауға және өңдеуге өз келісімімді білдіремін.
Ұсынылған құжаттардың анықтығын растаймын және көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін жауапкершілік аламын.
Қоса беріліп отырған құжаттар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Мекен-жай ________________________________________________________
Байланыс телефондары: _____________________________________________
e-mail: ____________________________________________________________
ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) _____________________________________
___________________ _____________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
2025 жылғы «____» _______________